Бүгін Аягөз ауданында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі ресми түрде басталды. «Айдарлы» тау-кен байыту комбинатының капсуласы салтанатты түрде салынды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, кәсіпорын басшылығы мен серіктестері қатысты.