Қазақстанда отбасын кешірек құру үрдісі байқалады. Жастар алдымен білім алып, кәсіби тұрғыда қалыптасуға және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтылады, содан кейін ғана некеге тұруды жөн көреді. Қазіргі статистикаға сәйкес, алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлер арасында – 27–28 жас, ал әйелдерде – 25–26 жасты көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздегі бойдақтар саны 3,7 миллионнан асты. Оның 1,95 миллионы жігіттер, 1,87 миллионы қыз балалар. Отбасын құруға асықпаудың себебі жайлы тұрғындардың пікірін біліп көрдік.