«Даму» қоры ауыл-аймақтағы кәсіпкерлер үшін мобильді фронт-офистердің жұмысын бастады. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, қордың Абай облысындағы өңірлік филиал мамандары Бородулиха ауданында жаңадан кәсіп бастауға ниетті тұрғындар және кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекет көрсететін қолдауды жан-жақты түсіндірді. Жоба Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдауға арналған тапсырмасы аясында жүзеге асуда