Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктеген болатын. Осыған орай, өткен жылы елімізде 124 теміржол вокзалын жөндеу басталды. Соның алғашқы екеуі Абай облысында бүгін пайдалануға берілді. Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш станциясында теміржол бекеттері ашылды. Жаңа бекеттердің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысты. Әріптесім Ерзат Жанатұлы сабақтайды