«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Алакөл жағалауында «EcoQadam» экологиялық форумы өтті. Ауқымы кең, айтары мол форумға облыс жастары, еріктілер, эколог мамандар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Басқосуда қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланып, жиналғандар пікір алмасты