«Ертіс - таза жағадан басталады». Бүгін Курчатов қаласында осындай атаумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ертіс өзенінің жағасында ауқымды тазалық жұмыстары жүрді. Оған 200-ге тарта қала тұрғындары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қатысты. Қала тазалығына бей-жай қарамайтын белсенділер 5 тоннаға жуық қоқыс жинады.