Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ереже бұзушылықтың алдын алуға қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, департамент тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша мониторинг жұмысы сараланды. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға немесе бәс тігуге қатысуына жүргізілген талдау да таразыға түсті. Мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындарын өтеуде заңнама талаптарының сақталуы да кеңестің кезекті отырысына тұздық болды. Бұдан бөлек, 4 тәртіптік іс қаралды. Қаралған сұрақтар бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы нақты ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, департамент мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтауға қатысты бірінші тоқсанда 17 мемлекеттік мекемеде 12 мониторинг жүргізген. 44 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.