Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығына сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді. Бұл – еліміздегі маңызды саяси науқан. Семей қаласында 127 сайлау учаскесі құрылды. Оның ішінде 110-ы азаматтардың тіркелген тұрғылықты жері бойынша, ал 17-сі олардың уақытша болатын орындарында ұйымдастырылған. Сайлау науқанына 936 сайлау комиссиясының мүшесі тартылған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Құрылтай бес жыл мерзімге пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланатын 145 депутаттан тұрады. 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміндегі деректерімен таныса алады. Ал 12 тамызға дейін әрбір сайлаушыға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлама беріледі. Дауыс беру күні 23 тамыз.