Дәрігерлер дабыл қағуда. Балалар арасында көз аурулары белең алып, жанары нашарлау ерте жастан жиілеп келеді. Мамандардың айтуынша, оның негізгі себептерінің бірі - гаджеттерді шамадан тыс пайдалану. Алайда қауіптің өзі телефонда емес, көзге үзіліссіз ұзақ уақыт түсетін жүктемеде.