Туристік маусым қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлермен көшпелі ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу мақсаты - жаңа салық кодексі күшіне енгеннен кейін бизнес өкілдеріне практикалық және консультациялық қолдау көрсету. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің заңнамадағы жаңашылдықтарды дұрыс түсініп, өз қызметін қолданыстағы талаптарға сай жүргізуіне мүмкіндік береді.