Қытайдың Алтай қаласында «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық конференциясы аясында ауқымды B2B (би-ту-би) келіссөздері өтті. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков бастаған өңіріміздің делегациясы ірі шетелдік инвесторлармен кездесті. Қытай бизнесмендері медицина мен құрылыстан бастап электроника өндірісіне дейінгі сан түрлі салалардағы жобаларын таныстырды.