Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Абай облысына келді. Үкімет басшысының орынбасары облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Жаңасемей ауданындағы «Eurasia Agro Semey» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында салынып жатқан ет комбинатының құрылысымен танысты.