Президент жариялаған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың нақты тетігіне айналды. Оның басты қағидасы – әрбір азаматтың үні естілуі тиіс, ал мемлекеттік органдар халықтың өтініштері мен сұраныстарына жедел жауап беруі қажет. Осы бағыттағы нақты бір мысал ретінде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Руслан Омаровтың жұмысын айтуға болады. Ол әлеуметтік желілерде тұрғындармен кері байланыс орнатқан.