«Семейде салынып жатқан ет комбинатының әлеуеті зор. Өңір экономикасына тигізер пайдасы орасан». Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Eurasia Agro Semey» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында салынып жатқан ет комбинатының құрылысымен танысқанда осылай деді.  Расында, ет өңдеу өнеркәсібінде өңірдің ежелден алар өз еншісі бар. Семейдің ел игілігіне жараған, өнімі алыс-жақынға тараған ет комбинаты тоқырауда тұралап қалған. Жылына 12 мың тоннаға дейін ет және шұжық өнімдерін шығаратын бірегей комбинат осы олқылықтың орнын толтырмақ.