Маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Семейде ақ халатты абзал жандардың күніне арналған салтанатты кеш өтті. Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады