Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданы Ақжар ауылына барып, «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» жанынан салынған қосымша ғимараттың ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі былтыр осы ауылға келгенде оның құрылысы тоқтап тұрғанын байқаған болатын. Аймақ басшысы мәселені өз бақылауына алып, қажетті қаржы бөлуді қамтамасыз еткеннен кейін құрылыс жұмыстары қайта жанданған еді