Мемлекеттік қызмет - мемлекет пен халықтың арасын жалғайтын маңызды сала. Елдің дамуы мен қоғамның билікке деген сенімі ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және халықпен ашық жұмыс істеуіне байланысты. Осы бағытта Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.