Алакөлде қауіпсіздік күшейтілді. Биыл жағдайды алғаш рет жасанды интеллект камералары бақылауға кірісті. Маусым басталғалы көл жағасында үлкендерден адасып қалған бірнеше бала осы жүйенің көмегімен ілезде табылды. Облыс әкімі Берік Уәли Алакөлдегі жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.