Бейбітшілік аралында Қазақстан Республикасының Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, Семей қаласы полиция басқармасының бастығы Абай Бақтияров, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты. Бүгінде қалалық полиция басқармасында 1 мыңға жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің күзетінде. Антына адал, сертіне берік полиция қызметкерлеріне Семей қаласы әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.