Бүгін Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Салада ұзақ жыл адал еңбек еткен ардагерлер «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің грамотасымен марапатталды. Аймақ басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады.