Биыл облыста 41 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының кезекті 37-ші сессиясында есеп берген аймақ басшысы айтты. Шалқар Байбековтің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Берік Уәли, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен басқарма басшылары қатысты.