Абай облысында оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл өңірдегі 100 мыңнан астам оқушы жазғы демалысқа шығады. Ал мектеп бітірушілер үшін жауапты кезең- мемлекеттік емтихан мен Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Сонымен қатар өңірде балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды