«Тәуелсіз елдің қорғаны». Дәл осындай атаумен Семейде мерекелік кеш өтті. Салтанатты жиын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орайластырылған. Кеш барысында шаһар басшысы Әділет Қожанбаев сардарлар мен сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады. Алғыс хаттар табыстады.