Бақты кеден бекетінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде ондағы өткізу қабілеті бірнеше есеге артпақ. Жүк және жолаушылар ағынын жеделдету үшін жаңа терминалдар, цифрлық бақылау жүйелері мен кеңейтілген жол инфрақұрылымы қолға алынған. Бұл өз кезегінде шекарадағы кептелісті азайтып, халықаралық сауда айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді