Абай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды. Мамандардың айтуынша, 2022–2026 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аяқталып, жаңа жоспар жазыла бастады, бұл осы жұмыстың жалғасы болмақ. Негізгі мақсат- жемқорлыққа қарсы жұмысты цифрландыру, сондай-ақ жемқорлыққа жол бермейтін жағдай жасау. Кездесу барысында әзірленіп жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасына енгізу үшін нақты ұсыныстар әзірлеуге ерекше назар аударылды. Отырысқа қатысушылар мемлекеттік органдар мен қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайту қажеттігін жеткізді.