Мемлекет цифрландыру бағытына ерекше көңіл бөліп жатыр. Биыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында түрлі жобалар да жүзеге асып келеді. Халық арасында да күнделікті өмірде жасанды интеллектіні қолданатындар саны көбейген. Оның көмегімен ақпарат іздеп, аударма жасап, тіпті оқу мен жұмыс барысында кеңінен пайдаланатындар бар. Осы ретте, семейліктермен тілдестік. Жасанды интеллектіні қаншалықты жиі қолданатынын сұрап көрдік