ауданы бойынша шекара басқармасында “Көктем-2026” шақырылымының 244 жас сарбазы салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Биылғы “Көктем-2026” шақырылымымен келген сарбаздар Қарағанды, Ақмола, Түркістан және Абай облысынан шақырылған. Әр өңірден келген жас сарбаздар бүгінде шекара қызметінің қыр-сырын меңгеріп, әскери дайындықтарын шыңдап жатыр. Рәсім барысында Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Бақытжанұлы жас сарбаздарды маңызды күнмен құттықтады. Салтанатты ант қабылдау рәсімі әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтіп, саптық көрсетілімдер ұйымдастырылды. Жас сарбаздардың ата-аналары мен туыстары олардың Отан қорғаушысы атанған тарихи сәтіне куә болды. Әскери ант қабылдаған жас шекарашылар енді Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету жолында абыройлы қызмет атқармақ.