Абай облысында еңбек құқығын бұзған 13 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Жыл басынан бері департаментке 268 арыз-шағым түскен. Бұл туралы аймақтық коммуникациялық орталықтағы жиында айтылды.