Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына барды. Онда «Жас техниктер станциясының» салтанатты ашылуына қатысып, осы орталықтың ашылуына арнайы келген «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы —Ләззат Шыңғысбаеваға алғысын білдірді. Қазіргі таңда үйірмелерге 216 оқушы барып жүр. Жаңа бағыттар іске қосылғаннан кейін тағы 212 бала мүмкіндік алып, 428 оқушы бір мезгілде білім алмақ. Осы стратегиялық міндет аясында елдің білім беру әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақстан халқына» Қорының қолдауымен «Батыр боламын» және «USTEM Foundation» қорлары балалар мен жасөспірімдердің цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі шығармашылық, техникалық және зияткерлік әлеуетін дамыту, заманауи технологиялар мен дәстүрлі өнер бағыттарын ұштастыра отырып, кәсіби дағдылар қалыптастыру үшін жұмыстар атқарып жатыр, деді аймақ басшысы. Қазірде жоба аясында бұл орталықта 13 үйірме жұмыс істейді.