«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы өңірлерде кең қолдау тауып келеді. Көгалдандыруға танымал тұлғалар да ат салысып, туған жердің көркеюіне үн қосуда. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов және бір топ өнер жұлдыздары Қалбатау ауылында жергілікті тұрғындармен бірге ағаш екті.