Аягөз ауданында болашақ инженерлер мен өнертапқыштарға арналған жаңа білім алаңы ашылды. «Жас техниктер станциясы» «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асқан «JASAMPAZ URPAQ» жобасы аясында жаңартылған. Мұнда енді ауыл балалары робот құрастырып, дрон ұшырып, 3D модельдеу мен жасанды интеллект бағытында білім алады. Ауқымды жоба аясында өңірдегі төрт ауданның қосымша білім беру ұйымдары толық жаңартылып, жүздеген балаға жаңа мүмкіндік ашылды. Арайлым Әлиханова толықтырады.