Алакөлде туристік маусымға дайындық қызу. Биыл көл жағалауында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Демалушыларға қолайлы орта қалыптастыру үшін жағалау қоршалып, бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде. Сонымен қатар абаттандыру, цифрландыру және санитарлық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар қолға алынған. Бұл мәселелер облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен көшпелі отырыста талқыланды.