Аптаның басында қаланың сол жағалауындағы бірнеше көше ауыз сусыз қалды. Оған себеп су құбырындағы апат. Әуезов алаңында диаметрі 500 метр су құбыры жарылған. Осыған байланысты Әуезов даңғылы, Дулат Бабатайұлы, Затаевич, Иртышская және тағы бірқатар көшелерде су беру уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге су берілді.