Семейде жас жол инспекторларының облыстық слеті өтті. Бұл жас ұрпақтың жол қозғалысы ережелерін меңгеруіне, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Бүгінде Абай облысында Жас жол инспекторлары жобасы қарқынды дамып келеді.