Семейде республикалық «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Жастар бағдарламасы қаланы көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және студенттер мен оқушыларды уақытша жұмыспен қамтуға бағытталған. Жоба «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылуда.