Абай облысында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Этносаралық саладағы медиация» облыстық семинар-тренинг өтті. Екі күнге созылған оқыту алаңында сала мамандары жанжалдардың алдын алу, медиативтік тәсілдерді жетілдіру және қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолдарын талқылады. Мамандардың айтуынша, бүгінде этномедиация – қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті бекемдеудің маңызды құралына айналған.