Абай облысында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бородулиха ауданында ұйымдастырылған ауқымды дайындық барысында орман өрті кезіндегі жедел әрекет пысықталды. Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар қызметі, орман шаруашылығы мамандары мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар өрт ошағынан тұрғындарды эвакуациялау тәсілдерін де көрсетті. Бұл үшін тікұшақ пен санитарлық авиация тартылып, төтенше жағдай кезіндегі шұғыл көмек көрсету алгоритмі пысықталды.