Абай облысында биыл басталған «Қаладан-ауылға» бағдарламасы оң нәтиже бере бастады. Ақпан айында іске қосылған қанатқақты жоба арқылы қазірдің өзінде 171 отбасы, яғни 600-ге жуық адам ауылдарға қоныс аударған. Облыс ауылдарына оңтүстік өңірлерден келіп жатқандар көп. «Қаладан-ауылға» жобасының басты ерекшелігі – елдегі барлық әлеуметтік бағдарламаларды бір арнаға біріктірген. Соның арқасында көшіп келгендерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Жол шығындары өтеліп, тегін баспана беріледі. Жергілікті әкімдік тұрақты жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Қоныстанған отбасыларға мал беріп, қолдау танытып жатқан ауылдар да аз емес. Басты мақсат түтіні сиреп бара жатқан елді мекендерде халық санын көбейтіп, қайта түлету-дейді мамандар