Елімізде жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қолға алынуда. Бүгінде мемлекеттік аппаратқа білімді, бастамашыл әрі заманауи көзқарастағы мамандар қажет. Осыған байланысты соңғы жылдары жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруды жеңілдететін және мемлекеттік қызметтің беделін арттыратын бірқатар тетіктер енгізілді. Сол бастамалардың бірі мемлекеттік грант негізінде білім алып, GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары болған түлектерді байқаусыз мемлекеттік қызметке тағайындау мүмкіндігі. Бұл жастарды қолдауға әсіресе аудан мен ауылдардағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған. Осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланғандардың бірі Жарма ауданындағы жас маман Мэлс Ұлан.