Абай облысында гидроэнергетика саласын дамытуға бағытталған ауқымды жоба қолға алынбақ. Облыс әкімі Берік Уәли «JelSu Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, Ертіс өзені арқылы үш су электр стансасын салу жөніндегі меморандумға қол қойды. Жалпы қуаттылығы 900 мегаватт болатын жоба өңірдің энергетикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.