Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесі толықтай цифрлық форматқа көшті. 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап әкімшілік лауазымдарға іріктеу тәртібі жеңілдетілді. Енді барлық кезеңдер E-Qyzmet жүйесі арқылы онлайн өтеді. Процесс бір кезеңнен ғана тұрады, ал қызметке орналасу 5–7 күн ғана. Сонымен қатар жеке қасиеттерді бағалау тестінің нәтижесі бір жыл бойы жарамды. Қайта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған, шекті балл жинай алмағандар айына үш ретке дейін, ал нәтижесін жақсартқысы келетіндер тоқсанына бір рет тест тапсыра алады. Үміткерлер құзыреттері бойынша іріктеліп, финалға ең жоғары нәтиже көрсеткен 5 кандидат өтеді. Жинаған ұпай саны бойынша жеңімпаз автоматты түрде анықталады. Жас мамандар да жаңа жүйенің тиімділігін атап өтуде. Солардың бірі –іріктеуден сәтті өтіп, бүгінде Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет ететін Айым Ахметжанова.