Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықовтың келіні Ғалия Нұршайықованың «Құрақ көрпе» кітабы жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Абай атындағы кітапханада сиясы кеппеген жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Автормен кездесу емен-жарқын кездесуге ұласты.