Интернет алаяқтық - қазіргі таңда ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі. Қаскөйлер мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді және жалған сайттарды пайдаланып, тұрғындарды алдап, жеке деректері мен ақшасын оңай иемденеді. Былтыр алаяқтар облыс тұрғындарының 1,6 млрд теңгесін алдап алған.