Қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлының туғанына биыл 110 жыл. Ғылым апталығы аясында ғалымның еңбектерін насихаттау мақсатында Семейде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда ғалымның әдебиеттану саласындағы еңбектері мен ұлт руханиятын дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды.