Абай облысының «Жас Ұлан» лицейінің командасы былтыр «Айбын-2025» халықаралық жиынында Гран-приді иеленіп, Өзбекстан төрінде өтетін әскери-спорттық жарысқа жолдама алған еді. Аймақ басшысы Берік Уәли «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелерімен жүздесіп, алдағы сайыста сәттілік тіледі.