Абай облысында жылыту маусымы қорытындыланып, өңірдің жылу инфрақұрылымындағы ахуал сараланды. Былтыр бұл салаға қомақты қаржы бөлініп, 23 жылу көзі мен 22 шақырым жылу желісі жаңартылды. Жалпы6 жұмсалған қаражат көлемі 12,6 миллиард теңгеге жетті. Ал алдағы кезеңде жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар қолға алынбақ.