Семеде өңірдің жас спортшыларымен мәслихат депутаттары кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелері жан-жақты түсіндірілді. Жиынға жергілікті спорт федерациясының өкілдері мен мәслихат депутттары қатысып, жаңа конституциялық өзгерістердің ел дамуына, соның ішінде спорт саласына тигізетін ықпалы кеңінен талқыланды.