Өндірістік қалдықтар - өңірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Енді оны Семей қаласының магистранттары мен доктаранттары шеше алады. «Shakarim Lab» орталығында өндірістік қалдықтарды өңдейтін лаборатория ашылды. Мақсат- қайталама шикізатты, атап айтқанда металлургия өндірісі қалдықтарын, мұнай өнімдерін қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірлеу.