«Әділет кеңес береді» бағдарламасы жалғасып жатыр. Бастама аясында заң қызметкерлері, Әділет департаменті өкілдері түрлі мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Мамандар бұл жолы Абай облысы мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының ұжымымен басқосты.