Аймақта «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы қолдау тауып, түрлі экологиялық бастамалар қолға алынуда. Апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда. Игі істерден өңір халқы да тыс қалмайды. Қазір тұрғындар бірігіп, өз ауласын тазалауды дәстүрге айналдырған. Қоршаған ортаға қамқорлықты қалыптастырудың маңызы жоғары, дейді олар. Тілшіміз белсенді азаматтардың бірқатарын сөзге тартып көрді.